Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс прокуроры И.Иманов оңтүстік халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
    Жаңалықтар

    Облыс прокуроры И.Иманов оңтүстік халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.03.2017Updated:15.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Құрметті жерлестер!

    Халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басы санаған жасампаз Наурыз – бірлік пен береке мейрамы.

    Баршаңызды осы ұлағатты мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

    Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.

    Күн мен түнді теңеген, іргемізді ізгілікке бөлеген Наурыз бүкіл адамзатқа шаттық сыйлайды.

    Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді.

    Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, жоқ-жітікке жәрдемдескен.

    Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан.

    Дін мен тілге бөлмейтін Наурыз мейрамы тәуелсіздік жылдары ұлысты ұйыстыра түсті.

    Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың ұлы күні ай мен күндей, әлемге бірдей адамзаттың ортақ қазынасына айналды.

    Отанға деген шынайы сүйіспеншілік – мемлекеттік сананы орнықтырады.

    Сондықтан осындай игі дәстүрді ұрпақ бойына молынан сіңіруге тиіспіз.

    Наурыз тойы қарсаңында: «Бұлақ көрсең көзін аш», ‑ деп қаумаласқан жігіттер бастаулардың көзін ашып, қариялар: «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», ‑ деп бұлаққа май құйып, өсімдіктерге ақ бүркеген. Сөйтіп табиғаттың өсіп‑өнуіне жағдай жасалды. Таңертең тұрған ерлер қолдарына күрек, кетпен алып, ал қыз‑келіншектер құрт, ірімшік, піскен ет алып далаға шығады да жаңалап атқан ақ таңды қарсы алады. Ақ түйенің қарны жарылған бұл күні халық қалыптасқан дәстүрге сәйкес, ілтипат ізеттермен алмасады.

    Наурыз — достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Оңтүстік өлкесі ертеден-ақ, еңбекпен аты шыққан мекен екені даусыз. Қай саласын алып қарасақ та, ілгерлеушілік байқалады. Мұны атқарылып жатқан жұмыстардан аңғаруға болады.

    Қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтаған өңірміз өткен жылды толайым табыспен аяқтады.

    Тарих үшін қысқа мерзімде біз ұланғайыр істер атқардық. Прокурорлық қызмет ету саласына жобалық менеджментті (басқару) енгізу арқылы өңірімізге тән әрі кең көлемді 12 жобаны жүзеге асырдық. Жобаларды жүзеге асыру барысында 2,5 мың кәсіпкерлердің құқығын шектеген 18 түрлі кедергілер жойылып, соңғы жеті жылдан бері бірінші рет қаладағы қылмыстылық деңгейі 7%-ға төмендеді, аппеляциялық шағымдану 2 есеге азайып, 4 мыңнан аса мүгедектің, 28 қарт азаматтың, 500-ге жуық жасөспірімнің және ата-ананың қамқорынсыз қалған 800-ге жуық бүлдіршіннің құқықтары қорғалды.

    Алда атқарылатын шаралар аз емес, дегенмен халық сенімін ақтаудағы Елбасы және Бас Прокурормен айқындалған бағдарламалардан құралатын іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

    Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын! 

    Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт — береке ала келсін.

    Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 

    Ибраһим Иманов,

    Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.