Облыс аумағын көгалдандыру жоспарына сәйкес қала сыртындағы 2500 гектар жерге көшет отырғызу жұмыстары басталды. Ал бұл шараларды ОҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл желек» мекемесі атқаруда. Жыл басында ғана құрылған аталмыш мекеме биыл желтоқсан айына дейін аталмыш аумаққа 3 млн. 200 мың түптен астам ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарлап отыр. Бұл шараларға 102 техника мен 120 жұмысшы жұмылдырылған.
Абай Омар