Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев әйелдерге ұнаудың формуласын айтты
    Жаңалықтар

    Назарбаев әйелдерге ұнаудың формуласын айтты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.03.2017Updated:07.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем шуағы» атты кездесуінде әйелдерге қалай ұнау керек екенін айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент Маңғыстау облысында тұратын журналист Венера Мирланқызы жайлы айта келе «қандай сұлу» деп, мақтау сөз айтты. «(…) Әйелге ұнағың келсе, ол әдемі болса, оның ақылды екенін айт. Ал егер әдемі болмаса, әдемі де. Екеуі де болмаса, «Қалай арықтағансың» де. Дұрыс па? Міне, оларды әлі күнге үйретіп келемін, сөйлесе алмайды», — деді Назарбаев. Кездесуде Мария Галицкая гитарамен екі ән орындады. Мария Галицкая — 29 жастағы әнші, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Ол — Tengri-FM радиостанциясының тыңдармандары үздік деп тапқан «Брат» деген әннің авторы әрі орындаушысы. «Рақмет, Мария, шығармашылық жетістік пен бақыт тілеймін. Университетті қашан аяқтайсың? Биыл? Қазірдің өзінде танымал болдың, елордаға немесе Алматыға көшіп барасың», — деді оған Елбасы. Сондай-ақ, Назарбаев шаңғы жарысынан Алматыда өткен Универсиаданың чемпионы Анна Шевченко жайлы айтты. «Аня тым жас. Із қуа жарысу — бес шақырым. Классикалық әдіс — 15 шақырым. Әділбек Рыскелдіұлы, елестетіп көрші. Сен күн сайын жағалауда жүгіресің, шаңғысыз», — деді Президент күліп Жақсыбековке. Осыдан кейін Елбасы спортшыға сәттілік тіледі. Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиева, Ұлттық экономика вице-министрі М.Әбілқасымова, микробиолог-ғалым Ә.Ерназарова, биатлоннан «Алматы-2017» универсиадасының жеңімпазы А.Шевченко, ауылдық орта мектеп директоры И.Седова, «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының президенті З.Көкжанова, ақын Т.Қабылша, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты М.Галицкая, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Адам ресурстары басқармасының бас менеджері Ш.Алтыбаева, аудандық аурухананың бас дәрігері Қ.Разиева, «Астана-Балет» театрының жетекші балеринасы М.Буканова, көп балалы ана О.Мұқашева, қобыздан халықаралық байқаулардың жеңімпазы А.Тәжібаева, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Н.Раззақ, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі О.Давыденко, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Парашютпен секіруге дайындау орталығының аға маманы Р.Рамазанова, әртіс С.Бақаева, журналист В.Мирланқызы қатысты.

    Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.