Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да 170 мыңға жуық көпбалалы ана бар
    Жаңалықтар

    ОҚО-да 170 мыңға жуық көпбалалы ана бар

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған «Ана-Нұр-Көктем» атты салтанатты жиын өтті.Облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, облыстық ассамблея өкілдері, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, облыстың аудан, қалаларынан түрлі салада қызмет ететін қыз-келіншектер сынды жалпы саны 200-ге жуық нәзік жанды азаматтар қатысқан бейресми отырысты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып беріп, ару аналарды көктемнің керемет мейрамымен құттықтады.«Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Ата-бабаларымыз ежелден қыздарын құрметтеген. Келіндері мен жарларын сыйлаған. «Жұмақ ананың табанының астында», «Қыз өссе – елдің көркі» деп жоғары бағалаған». Қымбатты ханымдар! Сіздердің аттарыңызға айтылатын алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің шуақты күндеріндей әрдайым көрікті болып жүре беріңіздер, — деді Ж.Қансейітұлы.

    1488804585_d2271bf2-a2f6-4128-bd65-6bcd62ffa3541488804585_e3737290-e128-4710-a5d2-90274bb168d91488804587_f46bb486-eb6c-4d9c-94fb-6ce46c3ddf8cМұнан соң, аймақ басшысы үйдің де, түздің жұмысын қатар алып, қоғамда айрықша белсенділігімен көзге түсіп жүрген 32 әйел азаматын марапаттап, оның 3-не «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін берсе, 12-не Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасын, тағы 12-не облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Ал 5 ананы «Алтын алқа» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ, бүгінгі шараға келген барлық әйелдерге әкімнің шағын сыйы берілді.

    1488804582_520e3570-e419-4723-b866-739e324689f51488804617_869a11cc-fbcb-4cb9-aea6-49746c620c5a1488804645_b7bb945f-a756-4de8-9862-c6546f90304cСонымен бірге, мерекелік отырыста облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев пен облыстық Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қ.Қамбаров құттықтау сөз сөйлеп, шара соңы тек нәзік жандыларға арналған өлең, бимен жалғасты.Мерекелік кездесуде нәзік жандыларға жасалған тосын сыйдың бірі облыстық басқарма басшыларының сыйы еді. Басқарма жетекшілері, жиында, сахнаға шығып, әйелдердің құрметіне хормен ән айтып берді.Айта кету керек, бүгінде облысымызда 1 млн. 440 мың әйел азаматтары өмір сүрсе, олардың 267-і ғылым докторы, 1458-і ғылым кандидаты, 214-і профессор, 604-і доцент екен.Ал 2676 нәзік жанды азаматша мемлекеттік қызметкер болып табылады. Әйел азаматтар облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 30,7 пайызын, білім саласындағы педагогтардың 76,8 пайызын, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің 86 пайызын құрап отыр.Облысымызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген «алтын құрсақты» аналар жеткілікті. Республикадағы әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келетіні баршаға мәлім.Бүгінде өңірімізде 169 330 көп балалы аналар есепте тұрады. Олардың 6157-і «Батыр аналар», 25426-ы «Алтын алқа», 34 756-ы «Күміс алқа» иегері. Ал, 8791 ана І-ші және ІІ-ші дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған.

    1488804632_8ee09fc4-0819-469d-8f3c-3e9dcc81ffb61488804634_16d28bb5-cbda-47c5-ad44-5e43a691fbf7

    Бұл материал zakon.kz сайтынан алынды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.