Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әйелдер күні мерекесіне орай сәндік көшеттер отырғызылды
    Жаңалықтар

    Әйелдер күні мерекесіне орай сәндік көшеттер отырғызылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.03.2017Updated:04.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Көктемнің алғашқы мерекесі 8 — Наурыз ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянып, тіршіліктің түрлену кезеңінен бастау алады. Осы орайда айтулы мерекеге орай бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен Шымкент қаласындағы «Шымтөбе» тарихи алаңы маңындағы скверге бірнеше түп  сәндік ағаш көшеттері отырғызылды. Ал айтулы шараға қала әкімі мен әкімдікке қарасты дербес бөлім басшылары және де бір топ ардагерлер қауымы қатысып, аймақ басшысымен бірге бұл орынға жаңа көшеттер екті. Осы ретте миллионға тарта тұрғыны бар шаһарымыздың кезінде жасыл желекті қала болғандығын тілге тиек еткен  Жансейіт Түймебаев барша азаматты қаланы көріктендіруге, көшет егуге шақырды.

    «Шымкенттің 70 пайызын жеке меншіктегі тұрғын үйлер құрайды. Әрбір тұрғын ауласына кем дегенде бір ағаштан отырғызатын болса қаламыз айтарлықтай түрлене түсер еді. Сондықтан, әр қайсыңыздың қаланың жасыл желекке айналуына үлес қосуларыңызды сұраймын және бірлесе жұмыс істеуге шақырамын»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

    senblk

    Бұл күні скверге отырғызылған сәндік көшеттер барша нәзік жандылардың мерекесіне арналды. Себебі Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Осы орайда облыс басшысы игі шара барысында мерекелік құттықтауын да білдіріп өтті.

    Бұл күні облыс басшысымен бірге Шымкент қаласының ең биік нүктелерінің бірі болып табылатын «Шымтөбе» тарихи алаңы маңындағы скверге ағаш көшеттерін отырғызған ардагерлердің де әкімге айтар алғыстары зор. Себебі, бірінші кезекте қаланың тазалығы мен көгалданып көріктенуіне үлес қосып бастамашы болып жүрген Жансейіт Қансейітұлының бұл саладағы еңбегін қариялар қауымы жоғары бағалап отыр.akimm

    Осылайша,  Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Шымтөбе» сквері бірнеше сәндік көшеттермен толықса, қала әкімдігінің өкілдері  алдағы уақытта да саялы демалыс орындарын көгалдандыру жұмыстары жалғасын табатындығын айтып тарқасты.

    mmmm

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.