Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Шымкентте дәрі-дәрмек шығаратын тағы бір зауыт салынады
    Денсаулық

    Шымкентте дәрі-дәрмек шығаратын тағы бір зауыт салынады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Біріккен Араб Әмірлігінің үкімет мүшесі шейх Хассан Абдулькарим Хабиб Мансур Алхерз мырза бастаған бір топ отандық кәсіпкерлермен кездесті. Еуропалық «BITONFLY» фирмасы және оңтүстікқазақстандық «Нuray pharmaceuticals» ЖШС мен «AquacrystalCroup» компанияларының басшылары облыс әкіміне бірлесіп іске асырғалы отырған бизнес жобаларын таныстырды.

    Бірлескен кәсіпкерлік топ биылғы жылы Шымкенттен дәрі-дәрмек пен медициналық қолданғыш заттар шығаратын зауыт ашқалы отырғанын жеткізді. Жобаның құны 34 млн АҚШ долларын құрайды. Дәрі-дәрмектің 50 түрін шығаруға ниеттеніп отырған компания басшылығы «Тассай» индустриалды аймағынан 7 гектарға жуық жер телімін беруді өтінді.

    Сондай-ақ олар Шымкент қаласындағы «Sofia Towers» және «Арман» тұрғын үй және сауда орталықтарының құрылысын бастағалы отырғанын баяндады. Бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған қос кешеннің іргетасы алдағы мамыр айында қаланғалы отыр. Кәсіпкерлер бұл жобаларды Біріккен Араб әмірлігімен бірлесіп іске асырады. Құрылысқа бағытталатын инвестицияның 60 пайызын араб кәсіпкерлері құймақшы екен.
    Кәсіпкерлердің жобаларымен танысқан аймақ басшысы қолға алынған жобаларды аяқсыз қалдырмай, межеленген мерзімде бітіруге шақырды.

    «Жобаларыңыз жақсы. Дәрі-дәрмек шығаратын зауыттарыңызға «Тассай» индустриалды аймағынан жер бөлуге көмектесеміз. Д. Қонаев даңғылында бой көтеретін «Sofia Towers» тұрғын үй кешені мен Адырбеков көшесінде орналасқан «Арман» тұрғын кешенін де мерзімнен кешеуілдетпей аяқтау керек. Біріккен Араб Әмірлігіндегі қаржылық ұйыммен бірлесіп келісімге қол қойып отыр екенсіздер. Сәттілік тілейміз. Ең бастысы – қолға алынған жұмыс жүйелі әрі сапалы атқарылуы керек» , — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Өз кезегінде Біріккен Араб Әмірлігінің үкімет мүшесі шейх Хассан Абдулькарим Хабиб мырза облыс әкіміне алғысын білдіріп, жобаларды қаржыландыруда қолбайлау болмайтындығын жеткізді.

    «Уақыт бөліп арнайы қабылдағаныңызға алғысым шексіз. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуетімен танысып шығып, керемет әсер алдым. Қазақстандық кәсіпкерлермен бірігіп, осы өңірде бірқатар жобаларды қолға алғалы отырмыз. Алға қойған мақсат-міндеттер жоғары деңгейде орындалады деген сенім мол» ,- деді шейх Хассан Абдулькарим Хабиб Мансур Алхерз.

    Кездесу соңында аймақ басшысы Араб елінен келген арнайы қонақ пен отандық кәсіпкерлерді «Шымсити» жобасымен таныстырып, ұсыныс-пікірлері ескерілетінін жеткізді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.