Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Медициналық қызметтің сапасын арттыратын бес бастама
    Денсаулық

    Медициналық қызметтің сапасын арттыратын бес бастама

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.03.2017Updated:03.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл туралы бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның 2016 жылдың қорытындысы бойынша және 2017 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Елбасының биылғы халыққа Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау саласының алдына қойған міндеттерін орындау мақсатында бес негізгі бастаманы анықтады.

    Бірінші бастама – денсаулық сақтау жүйесін пациенттердің мүддесіне қарай интеграциялау. Бұл алғашқы/профилактикалық түйін деңгейінен бастап барлық кезеңдерді қамтитын медициналық көмек көрсетудің біріктірілген жүйесін енгізуді қарастырады. Медицинаны дамыту, дені сау және ұзақ өмір сүру жөніндегі ұлттық бағдарлама қабылдау жоспарланып отыр.Сонымен қатар, саланы цифрлау және ақпараттандыру жөніндегі шаралар өз жалғасын тауып, емханаларға тіркеу ережелері оңтайландырылады, IT мониторинг негізінде АББ-ны жүргізілетін болады.

    Екінші бастама – ЭЫДҰ ұсыныстарына сай стандарттарды сәйкестендіру. Бұл шаралар аясында жеке медицинаны дамытудағы кедергілерді жою, мемлекеттік функцияларды тәуелсіз кәсіби ортаға беру, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдардың бағасын реттеу жоспарланған.

    Қазіргі жағдайда мемлекеттік ресурстарды тиімді қолдану мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, үшінші бастаманы көтердік. Бұл бағытта денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымдық және кадрлық саясатты қайта қарау қарастырылған. Жеке және шетелдік инвестициялар тарту, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға, ғылым мен медициналық білімді жетілдіруге мән берілмек.

    Денсаулық сақтау саласының жетістігін қамтамасыз ету үшін оның қаржылық тұрақтығын қамтамасыз ету керек. Сондықтан төртінші бастама ретінде нәтижеге негізделген қаржыландырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Сонымен қатар: стационарлық көмекті пайдалану деңгейін төмендету; озық медициналық трансферттерді енгізуді ынталандыру; алғашқы медициналық-санитарлық көмек бюджетін қажеттіліктерге қарай бөлу; негізгі қорларды, капиталдық шығындарды, медициналық және ақпараттық технологияларға қызмет көрсетуге кететін шығындарды, қаржылық қызметтердің шығындарын есепке ала отырып, тарифтер мен шығындарды қайта қарау жоспарланған.

    Бесінші бастама – пациентке есеп беретін және транспаренттілікті қарастыратын жүйені басқару. Осыған байланысты медициналық мекемелерге шаруашылық жүргізу құқын бере отырып, корпоративті басқару жүйесін енгізу, мақсаты – қызмет көрсету сапасы мен тиімділігі пациенттің мүддесіне бағытталған медициналық қызмет көрсетушілер үшін КPI әзірлеу жоспарланған.

    Аталған бастамаларды көтерудегі негізгі мақсат – медициналық қызметтің халыққа қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.