Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 68-бабында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне (бұдан әрі-кадр резерві) қабылданған азамат мемлекеттік орган белгілеген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға біліктілік талаптары сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган оны кадрлық резервте болудың жылдық мерзімі өткенге дейін лауазымына конкурс өткізбей тағайындай алатыны көрсетілген.
Яғни, 2016 жылы жалпы кадр резервінде тұрған 172 азаматтың 40-ы заң талаптары негізінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасқан болса, қалғаны кадр резервінде болудың бір жылдық мерзімінің өтуіне байланысты кадр резервінен шығарылған.
Ал, жоғарыда көрсетілген заң талабы 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылғандықтан, осы жылдан бастап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін кадр резерві қалыптастырылмайды.
Фото: ratel.kz