Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА КЕЙБІР МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕЙДІ
    Жаңалықтар

    ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА КЕЙБІР МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕЙДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасының бекіткен Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік орган басшыларына кәсіби мемлекеттік аппарат құру міндеттелген.

    Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру – мемлекеттік қызметке қабылдаудан бастап, лауазымдық өсу сынақ мерзімін белгілеуді міндеттеу, лауазымдық жалақыны өсіру және оны нәтижеге байланысты төлеу, қызметшілерге қызметтік пәтерлер қарастыру, мансаптық жоғарылату, мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе ретінде қалыптастыру, жаңа этикалық ережелерді енгізу, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау сияқты бағыттарды қамтиды.

    Кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін білікті мамандар қажет. Білікті мамандарды анықтау мақсатында қазіргі таңда «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерді кешенді тестілеуден өткізуде. Атап айтқанда облыста 6500-ден астам «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аттестаттаудан өткізуге жатады. Ағымдағы жылдың 1-ақпанынан бастап шамамен 5-сәуірге дейін күніне 200 мемлекеттік қызметші кесте негізінде жеке құзыреттерді бағлайтын тестілеуден өткізілуде. Тестілеу рәсімі аяқталған соң аттестаттау комиссияларында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілермен әңгімелесу жүргізу жұмыстары  ағымдағы жылдың сәуір мамыр айларында жалғасын табады.

    Бүгінгі таңда, 23-ақпанға дейін жеке құзыреттерді бағалайтын тестілеуден өткен азаматтардың саны 1991, оның ішінде «өте жақсы» — 433, «тиімді» — 1437, «қанағаттандырлық» -114 және «ең төмен» бағаға — 7  мемлекеттік қызметші ие болды. Яғни, кешенді аттестаттаудың бірінші кезеңінде 7 мемлекеттік қызметші талапқа сай емес екендігі анықталды.

    Аттестаттаудың шешімдері төмендегілердің бірі болып танылады:

    1) Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жағарылатуға ұсынылады;

    2) Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді;

    3) Атқаратын мемлекетік лауазымына  сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады;

    4) Атқаратын мемлекеттік сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады.

    Мемлекеттік қызметшілер атқарып отырған лауазымдарының санаттары бойынша белгіленген аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткізіледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.