ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің ОҚО бойынша департаменті «memkyzmet.kz» сайтын іске қосты. Аталған департамент тарапынан дайындалған сайттың сенбіде таныстырылымы өтіп, мемлекеттік қызметкерлерге тиімділігі түсіндірілді. Енді кез-келген азамат кешенді аттестация жайында толық мәліметті осы сайттан ала алады. Сондай-ақ, бұл қосымша арқылы мемлекеттік қызметке орналасу үшін тапсырылатын тесттің қажетті заңдар жинағын тауып, сол арқылы тестілеуге тіркелуге де болады. Жобаның іске асудағы мақсаты, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, өйткені сіз осы сайт арқылы аттестациядан алған балдарыңызды көріп, өзіңіздің толық құқығыңызды біле аласыз. Жиында осы мәліметтерді жіті түсіндірген департамент басшысы, мобильді топ құрылығысы жайлы да айта өтті. Яғни мемлекеттік қызмет көрсету барысында қандай да құқық бұзушылық фактілеріне немесе әкімшілік кедергілерге куә болсаңыз 8(7252)51-51-51 сенім телефонына хабарласуыңызға болады.
Айзада Бидан