Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Белгілі ғалым Қайрат Исламқұлов өмірден өтті
    Жаңалықтар

    Белгілі ғалым Қайрат Исламқұлов өмірден өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.02.2017Updated:25.02.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақ халқы тағы бір қайсар ұлынан айырылды. Ақпанның ақ боранында техника ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Исламқұлов өмірден озды. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батыр ер Мұхаметқұлдың жалғыз ұлы Қайрат Исламқұлов үлкен ғалым болатын. Елбасының курстасы болған тау тұлға бар ғұмырын білім мен ғылымға арнап, өнеркәсіпте енгізілген көптеген жаңалықтардың авторы еді.

    Қайрат Мұқаметқұлұлы Исламқұлов 1.6.1940 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.Украинаның Днепродзержинск қаласындағы металлургтер училищесінде Елбасымен бірге оқып, еңбек жолын Теміртау қаласындағы металлургия зауытында бастаған. Мәскеу Болат және қорытпалар институтын (1962),Мәскеу машина жасау институтының аспирантурасын бітірген (1976). 1967 – 95 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында, Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болып еңбек етті. Өмірінің соңғы жылдарын М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нде ұстаздық қызметке арнады.

    Ғылыми жаңалықтары Херсон комбайн зауыты, Тула қару-жарақ зауыты, Өзбекстан электркомбинаты, Кентау экскаватор, Шымкент шина, мех. және автомобиль жөндеу зауыттары өндіріс орындарына енгізілген. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 100-ден аса ғылыми еңбегі жарияланған. 15 авторлық және өнертапқыштық куәлігі бар.

    Белгілі ғалымның мезгілсіз қазасына қайғыра отырып, жұбайы Бибіхан апай мен ұл-қызына көңіл айтамыз! Жатқан жері жайлы болсын! Пейіште нұры шалқысын!

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.