Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
    Айғақ MEDIA

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.11.20260 Views

    Оңалту – үмітке қанат бітіріп, арманға жол ашатын маңызды қадам. Әр баланың жетістігі – тынымсыз еңбектің, табандылық пен үлкен қолдаудың нәтижесі. Шымкентте «BI Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қорының «Жұлдызай» оңалту орталығы «Балақанат» атты іс-шара ұйымдастырды. Кездесуде ерекше балалардың оңалту барысында жеткен жетістіктері мен өнерге деген таланты көпшілік назарына ұсынылды. «Балақанат» шарасының басты мақсаты – ерекше балалардың оңалту барысында қол жеткізген жетістіктерін көпшілікке таныстыру. Кездесу барысында қоғамға бейімделіп, түрлі белестерді бағындырған балалардың еңбегі бағаланып, бірқатарына арнайы марапаттар табысталды.

    Әр баланың жетістікке жету жолы – жеке тарих. Шарада олардың оңалту кезеңіндегі өзгерістері мен толағай табыстары арнайы бейнематериал арқылы көрсетілді. Бұл сәт ата-аналар үшін де ерекше әсерлі болды. Өйткені баласының әрбір қадамы мен жетістігі – отбасы үшін үлкен қуаныш. Оңалту орталығында балалармен түрлі бағыттағы мамандар жұмыс істейді. Олар әр баланың жеке мүмкіндігіне қарай қолдау көрсетіп, өздігінен әрекет етуіне және қоғамға бейімделуіне көмектеседі. Мамандардың жүйелі жұмысы мен ата-аналардың қолдауы оң нәтижеге жол ашып отыр.

    «Балақанат» – балалардың бойындағы қабілетті ашып, мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған маңызды бастама. Шара аясында олардың шығармашылық жұмыстары мен өнері де көпшілік назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер балаларға сенім сыйлап, жаңа жетістіктерге ынталандыратынын айтады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.