Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»АЙТЫСТАН ТУҒАН АСЫЛ МҰРА
    Айғақ MEDIA

    АЙТЫСТАН ТУҒАН АСЫЛ МҰРА

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.11.20260 Views

    Шабыттан туған шығарма оқырманға жол тартты. Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері жиналып, қалам иесіне ақжарма тілектерін арнады. Ал ақынның өнер жолына түсуіне тілеулес болған әкесі ұлының бала күнінен қалыптасу кезеңіне тоқталып, оның кімдерге еліктеп, кімдерді үлгі тұтқанын әңгімеледі.Ақын жаңа туындысын тұңғышындай көріп, ерекше ықыласпен таныстырды. Оның айтуынша, кітаптың атауы да тегін қойылмаған. «Шабыт шалқығанда» – шығармашылық жолындағы толғаныстар мен өнерге деген сүйіспеншіліктен туған дүниелердің жиынтығы. Кітаптың негізгі мазмұны мен атауының мәнін автордың өзі тарқатып берді. Жаңа жинаққа ақынның айтыс өнеріндегі ізденістері мен сахнада туған сөз сайыстары топтастырылған. Бұл – бір сәттік шабыттың ғана емес, жылдар бойы жинақталған шығармашылық тәжірибенің жемісі. Өз кезегінде Нұрлан Есенқұлов бүгінгі айтыстың тынысына да тоқталып, оның қоғам өміріндегі орны мен маңызы әлі де өзекті екенін атап өтті.

    Шараға арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары да құттықтау сөз сөйлеп, шаһар басшысының ыстық ықыласын жеткізді. Өнер иесіне шапан жауып, жаңа туындының жарық көруін мәдени өмірдегі айтулы оқиғалардың бірі ретінде бағалады.Ақынның өнердегі алғашқы қадамын көрген ұстаздары мен жол көрсеткен аға буын өкілдері де басқосудан шет қалмады. Олар шәкірттерінің жетістігіне қуанып, ақ баталарын берді. Сонымен қатар арнайы әкелген сый-сияпаттарын табыстап, шығармашылық жолына сәттілік тіледі.Өнердегі үзеңгілес достары да ақынның қуанышына ортақтасты. Бірге сахна бөлісіп, айтыс додасында қатар жүрген әріптестері оның сөз өнеріндегі қолтаңбасына тоқталып, айтысқа сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Жылы лебіздерін білдіріп, жаңа кітаптың оқырман жүрегінен орын алуына тілектестік танытты.Сөйтіп, шабыттан туған туындының тұсауы кесіліп, ақынның шығармашылық қоржыны тағы бір еңбекпен толықты. Кеш барысында айтылған ақжарма тілектер мен ақ баталар өнер иесіне көрсетілген құрметтің айғағы. Ал «Шабыт шалқығанда» кітабы – ақынның айтыстағы жолынан сыр шертіп, сөз қадірін бағалайтын оқырманға ой салатын дүние.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ

    27.11.2026

    ҚҰТҚАРУШЫ САРБАЗДАР ҚАТАРЫ ЖАСАҚТАЛУДА

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.