Шаһарда ғылым мен бизнесті тоғыстырған «AGROBIOTECH DAY – 2026» инновациялық көрмесі өтті. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті ұйымдастырған шараға сегіз компания мен алты ғылыми-зерттеу институты қатысты. Шараның мақсаты агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды зертхана деңгейінде қалдырмай, өндіріске енгізуге жол ашу. Бұл – ғылым мен бизнесті, зертхана мен өндірісті тоғыстырған маңызды алаң. Шараға шаладағы ірі компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және университет ғалымдары қатысты.Көрмеде ғылыми әзірлемелермен қатар, отандық селекцияның жетістіктері де таныстырылды. Соның бірі – Мақтаарал ауданынан келген Асанбай Тағаев ұсынған мақта және бақша дақылдарының сорттары.
Оның айтуынша, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бүгінге дейін 15 отандық мақта сорты шығарылған. Бұл – аграрлық ғылымның нақты нәтижесі әрі отандық селекцияның әлеуетін көрсететін жетістік.
Аталған жиын барысында, ғылыми ұйымдар, университе және агроөнеркәсіп кәсіпорындары мен бизнес өкілдері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Келушілерге ұсынылған азық-түлік өнімдері көпшіліктің қызығушылығын тудырды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, басқосудың басты мақсаты – ғылыми әзірлемелерді тек зертхана деңгейінде қалдырмай, өндіріске енгізуге жол ашу. Осы бағытта университет, ғылыми ұйымдар, агроөнеркәсіп кәсіпорындары мен бизнес өкілдері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Аграрлық саланың болашағы – бүгінгі ғылыми ізденіс пен жас мамандардың әлеуетінде. Сондықтан мұндай алаңдар ғалымдардың тәжірибесін бөлісуге, кәсіпкерлердің сұранысын анықтауға және жаңа ғылыми серіктестіктер орнатуға мүмкіндік береді.