Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ
    Жаңалықтар

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.11.20262 Views

     

    Шымкент қаласының спортшылары халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның мерейін үстем етті. Нысана көздеу мен дәстүрлі садақ атудан өткен әлем чемпионаттарында жерлестеріміз жүлделі орындардан көрініп, мергендік шеберліктерін дәлелдеді. Бұл жетістіктер қаланың спорттық әлеуеті артып, ұлттық және олимпиадалық спорт түрлерінің қатар дамып келе жатқанын көрсетеді.

    Дохадағы әлем чемпионатында – қола жүлде

    Қатар астанасы Дохада 1-14 қараша аралығында өтіп жатқан нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионатында Шымкент қаласының спортшысы Ирина Юнусметова қола медаль жеңіп алды.

    Отандасымыз әйелдер арасындағы 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі тапаншамен нысана көздеу сайысында 537 ұпай жинап, үздік үштіктен көрінді. Осылайша, ол Қазақстан құрамасының қоржынына дүбірлі доданың алғашқы жүлдесін салды.

    Бұл сайыста Түркия өкілі Шеввал Илайда Тархан 546 ұпаймен алтын медаль иеленсе, 542 ұпай жинаған Армения спортшысы Эльмира Карапетян күміс жүлдеге қол жеткізді.

    Ирина Юнусметованың нәтижесі – жоғары дайындық пен мергендік шеберліктің жемісі. Әлемнің үздік спортшыларымен бәсекеде жүлдегер атану шымкенттік спорт мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте танытты.

    Дәстүрлі садақ атудан да толайым табыс

    Шымкент мергендерінің тағы бір жарқын жетістігі Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан алғашқы әлем чемпионатында тіркелді.

    Тарихта тұңғыш рет ұйымдастырылған дүбірлі додаға әлемнің 38 елінен 690 спортшы қатысып, ұлттық спорт түріндегі шеберліктерін сарапқа салды. Қазақстан құрамасы жарыс барысында жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте бірнеше алтын медаль жеңіп алды.

    Ал Шымкент қаласының өкілдері командалық сайыста 2 күміс және 2 қола медаль иеленді. Сонымен қатар жекелей сында «Пута» нысанасы бойынша Жәнібек Құлмырзаев қола жүлдегер атанды.

    Әлемдік додада қала намысын Мақсат Әбдікәрімов, Сабира Жаппар, Манзура Есенова және Забит Сатоев қорғады. Олардың командалық жарыстағы табысы ұлттық спорттың халықаралық деңгейде танылуына қосылған үлес болды.

    Жалпы, Шымкент спортшыларының әлем чемпионаттарындағы бұл жетістіктері қалада кәсіби спортты дамыту мен ұлттық спорт түрлерін жаңғырту жұмыстарының маңызын айқындай түседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту, өскелең ұрпақтың дене шынықтырумен жүйелі айналысуына жағдай жасау және ұлттық спортты кеңінен дәріптеу міндеттеріне ерекше мән беріп келеді.

    Осы тұрғыдан алғанда, халықаралық жарыстарда топ жарған шымкенттік спортшылардың жеңісі – жас буынға үлгі, спорт саласындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Бірі нысана көздеуде дәлдігімен танылса, енді бірі ата-бабадан мирас болған дәстүрлі садақ атуды әлемдік деңгейде дәріптеп жүр. Бұл – Шымкент спортының бағыт-бағдары кеңейіп, халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын аңғартатын қуанышты көрсеткіш.

    Спорттағы жеңіс – ел абыройы. Ал әлемдік ареналарда көк байрағымызды көтерген әрбір спортшының жетістігі жас ұрпақтың жеңіске деген жігерін жанитыны сөзсіз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.