Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бауыржан Байбек: «Адамдарды шымкенттік немесе шымкенттік емес деп бөлуге болмайды!»
    Жаңалықтар

    Бауыржан Байбек: «Адамдарды шымкенттік немесе шымкенттік емес деп бөлуге болмайды!»

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.02.2017283 Views

    Алматы әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде адамдарды шымкенттік немесе шымкенттік емес деп бөлуге болмайтынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімнің айтуынша, адамды ісі анықтайды.

    Бауыржан Байбек алматылықтарға қалалық автопаркті неліктен шымкенттік Green Bus компаниясына басқаруға бергенін түсіндірді. Оның айтуынша, мұның алдында «Алматыэлектркөлік» компаниясының ісінде қаржыны жосықсыз жұмсау жағдайлары болған.

    «Youtong ең арзан, барлық қосалқы бөлшектер Шымкентте сатылғанын анықтадық. Қалалық болса — мемлекет сатып алады. Бізде жетекшілер жақсы адам болса — үнемдейді, дұрыс емес басшы — бензин орнына су құя бастайды, бөлшектерін шешіп алып, базарда сата бастайды. Тиімді жұмсамайды. 25 жылда жүргізушілердің еті үйренген, қалтасына салады», — деді Байбек.

    «Интернеттен байқадым, бір қыз жазыпты «тасымалдауды шымкенттіктерге беріп тастады» деп. Бізде Конституция бар, кешіріңіз шымкенттіктер нашар деп кім айтты? Екі миллион адам тығыз қоныстанған, сондықтан олар пысық. Президент айтқандай: «Жұмыс олардың артынан ермейді, олар жұмыстың артынан жүреді». Келіп жатыр олар. Олар өте пысық, кәсіпкер адамдар. Біздің қалада тұрып жатқандардың көбі Шымкент тумасы», — деп атап өтті Бауыржан Байбек.

    Бауыржан Байбектің пікірі бойынша, әкімдік бұл істі Green Bus компаниясына тапсырғанда еш қателескен жоқ.

    «Неге шымкенттік компания? Өйткені Шымкент — Алматы сияқты ірі және халқы көп қала. Жалғыз ғана жекеменшік компания Green Bus нақты нәтижелер көрсетіп жатыр. Бұл салаға келіп, түк бітірмегендер көп болды. Сондықтан біз конкурс өткіздік, шымкенттік компания ұтып алды. Бұл компания қарыздарын жауып, өз есебінен 137 автобус сатып алды. Кредит алды. Мемлекеттік кәсіпорында бір қосалқы бөлшек сынып қалса, оны сатып алу үшін конкурс жариялау керек болады да, автобус екі ай бойы тұрып қалады. Ал жекеменшік компанияларға конкурстың керегі жоқ. Біздің мемлекеттік компаниялар керегі жоқ заттарды сатып алатын, осылай пайда көріп отырған да болуы керек», — деді Байбек.

    Әкімнің айтуынша, автобустардағы бұрынғы жүйе қайтып оралмайды. «Сондықтан шымкенттікі, шымкенттікі емес деп бөлудің қажеті жоқ. Бұл дұрыс сөз емес. Адамның өзіне, істеріне қарау керек», — деп қорытындылады әкім сөзін.

    Ақпарат көзі: tengrinews.kz

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.