Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚОЛА МЕДАЛМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ЧЕМПИОН
    Айғақ MEDIA

    ҚОЛА МЕДАЛМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ЧЕМПИОН

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.11.202616 Views

    Боз кілемнен әлемдік додада
    Шымкенттік спортшы ел мерейін үстем етті. Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен 67 келі салмақта сынға түсіп қола жүлдені қанжығасына байлады.
    Халықаралық әуежайда спортшыны туған-туыстары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды.Шымкент әуежайында Мейіржан Шермаханбетті күтіп алғандардың қарасы қалың болды. Қолына гүлін ұстап, спортшыға қолдау білдіруге келген туған-туыстары мен жанкүйерлері жеңімпазды ерекше ықыласпен қарсы алды. Бозкілемдегі әр белдесуін экраннан тамашалаған жерлестері бұл жолы спортшыны арнайы келіп жеңісімен құттықтады.

    Қарсы алу рәсіміне қатысқан Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев спортшыны Азия ойындарындағы кезекті жүлдесімен құттықтады. Ол Мейіржан Шермаханбеттің бозкілемдегі табандылығы мен кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті. Себебі Азияның басты додасында жүлде алу – жоғары дайындық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Ал қатарынан екінші рет жүлдеге ілігу – спортшының тұрақты шеберлігін көрсетеді.

    Мейіржан Шермаханбеттің қола жүлдесі – Шымкент спортындағы айтулы жетістіктердің бірі. Азия ойындарында ел намысын қорғаған жерлестеріміз осылайша халықаралық аренада қаланың спорттық әлеуетін тағы бір мәрте танытты. Мұндай жеңістер жас спортшыларға жігер беріп, үлкен мақсаттарға ұмтылуына жол ашады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.