Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында төраға Берік Имашев 2017 жылы қанша рет сайлау өтетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Биылғы жылдың өзінде төрт сайлау өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде шығып қалған Мәслиxат депутаттарының орнына жаңа кандидаттарды тіркеу жұмыстары 58 сайлау учаскесінде өтуде. Ал сайлау 26 наурызға жоспарланған. Сондай-ақ 30 маусымнан кешіктірмей, Сенат депутаттарының сайлауын өткізуіміз қажет. Сенат депутаттарының соңғы сайлауы 2011 жылдың 19 тамызында өткен еді», — дейді Имашев.
Комиссия төрағасының айтуынша, биылғы жылы Мәслиxат пен Сенаттан бөлек, Қазақстан Республикасының аудандық деңгейдегі маңызды қалалар мен ауыл округтерінің, елдімекендер мен ауыл әкімдерінің кезекті сайлауы болады.
Ақпарат көзі: Baq.kz