Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық мәселелері талқыланды. Қорғаныс істері жөніндегі департаментте өткен жиында көктемгі шақырудың қорытындысы шығарылып, алдағы науқанның жоспары пысықталды. Биыл көктемде Шымкенттен 1000-нан астам азамат мерзімді әскери қызметке жіберілген. Жиында әскерге шақыру үдерісін цифрландыру, медициналық комиссиядан өту және әскери қызметтен жалтарғандарға жауапкершілік мәселелері де сөз болды. Сонымен қатар, әскери қызметшілерге берілетін «кредиттік демалыс» жүйесі енгізілгені айтылды. Ал ерекше көзге түскен сарбаздарға 80-нен астам жоғары оқу орнына түсу кезінде жеңілдіктер қарастырылған.