Бүгінде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына қоныс аударуға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл өңірлерде әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары. Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үй алу мүмкіндігімен қатар, тұрақты жұмыспен қамтылып, жаңа ортаға бейімделу бойынша қажетті қолдауға ие болады. Осы жұмыстарды үйлестіруде Мансап орталықтары азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынып, құжат рәсімдеу мен жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектеседі. Мемлекеттік қолдау еңбек күші тапшы өңірлердің кадрлық әлеуетін арттырып, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.
