Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»МЕГАПОЛИСТІҢ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ
    Айғақ TV

    МЕГАПОЛИСТІҢ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.09.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаладағы 2 241 көпқабатты тұрғын үйдің 95 пайызы жылыту маусымына дайын. Қазір шаһардағы қоймаларда 10 мың тоннадан астам көмір қоры жинақталған. Жылыту маусымына дайындық аясындағы қалған жұмыстарды 15 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

    Биыл Шымкенттегі жылу желілерін ағымдағы жөндеуге 1 миллиард 526 миллион теңге қарастырылған. Жоспар бойынша жалпы 18,5 шақырым жылу құбыры жөнделеді. Қазіргі таңда 16,1 шақырым құбыр демонтаждалып, оның 9,9 шақырымы қайта монтаждалды. Жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Жылу желілерінің жағдайын бақылау үшін биыл қалада құбырішілік диагностика жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы баспасөз жиында мәлімдеді. НАрнайы технологияның көмегімен магистральдық желілердің 5 шақырымнан астам бөлігі тексеріліп, жұмыстар толық аяқталды. Сонымен қатар, жылу желілеріндегі ақауларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін акустикалық әдісті цифрландыру жұмыстары қолға алынуда. Бұл жүйе апаттардың алдын алып, жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

    Қаладағы  2 241 көпқабатты тұрғын үйдің 2 134-і, яғни 95 пайызы жылыту маусымына дайын. Бұдан бөлек, 31 дербес қазандықтың 29-ы және 17 сорғы станциясының 15-і әзір. Алдағы жылыту маусымына Шымкент тұрғындары мен бюджеттік мекемелер үшін 22,1 мың тонна көмір қажет болса, қазіргі таңда қоймаларда 10 мың тоннадан астам көмір қоры бар. Қалған нысандарды дайындау жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғасуда.

    Шымкентте жылыту маусымына дайындық жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталуға жақын. Қалған жылу желілерін жөндеу, анықталған ақауларды жою және жылу энергетикасы нысандарын толық әзірлікке келтіру жұмыстары тұрақты бақылауда. Мамандар жылыту маусымы басталғанға дейін барлық нысанды 100 пайыз дайындық деңгейіне жеткізуді жоспарлап отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.