• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жансейіт Түймебаев ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын еріктілермен кездесті

11.02.2017
0

Жұмада облыс әкімі Жансейіт Түймебаев елордасы – Астанада ұйымдастырылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы ерікті жастармен кездесті. Өңіріміздегі арнайы іріктеуден сәтті өткен 100 еріктімен болған жүздесуде облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Сейітжаппаров баяндама жасап, бүгінгі дайындық жұмыстарына тоқталды. Айтуынша, халықаралық шара басталғанға дейін еріктілердің сан түрлі білімін шыңдап, пысықтау жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, арнайы мамандар Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік саласы аясында бір ай көлемінде 80 сағат семинар-тренинг өткізеді. Оның нәтижесі бойынша облыстағы 6 аудан, қаладағы тарихи киелі жерлерге саяхат жасалып, ерікті жастарға арнайы логотипі бар бейсболка, футболка, мойынорағыш және сырт киімдер таратылады. «Астана ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясы» АҚ тарапынан ОҚО-ның 100 ерікті жасына арнайы логотиппен бекітілген киім, жатын орын (3 мезгіл тамақтану қамтылған) және мобильді байланыс құралымен қоса, қала аумағындағы қоғамдық көліктерде және көрме өтетін павильондарда тегін кіру мен тегін жүру билеттерімен қамтамасыз етіледі», — деді басшының міндетін атқарушы.

Жиында шара кезінде облысымызға келетін шетелдік туристерді күтіп алып, өңірмен таныстыру мақсатында да аймақтың барлық аудандарында еріктілер жасағы құрылып, осы жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Шымкент қаласы мен облыстың туристік-мәдени кешендерінде («Rixos Khadisha» қонақ үйі, «Шымкент Плаза» ойын-сауық орталығы, Арыстан баб кесенесі, Қ.А.Яссауи кесенесі және т.б.) ерікті жастар ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы ақпараттың халыққа насихатталатыны айтылды. Мұнан бөлек, отырыста ерікті жастардың жетекшісі Ботагөз Ізтілеуова дайындық барысы туралы баяндап, кезігіп жатқан өзекті мәселелерге тоқталды. Ал бірқатар волонтерлар шет тілдерінде пікір білдіріп, аймақ басшысымен ой бөлісті. Жиынды қорытындылаған Жансейіт Қансейітұлы ерікті жастардың бұл жұмыстары еліміз үшін өте маңызды екеніне тоқталып, шетелдік қонақтарға тиісті деңгейде қызмет ету қажеттігін айтты. Еріктілерге білімдері мен біліктіліктерін одан әрі шыңдау керектігін жеткізіп, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен қатар, тарихымыз бен салт-дәстүрімізге, ділімізге қатысты мәліметтерді біліп, жан-жақты болулары керектігін ескертті. Айта кету керек, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық шарада шетелден келген қонақтарға гид-экскурсоводтық қызмет көрсетуге 3 мыңдай ерікті жұмылдырылмақ. Олардың 1500-і Астана қаласынан болса, 100-і ОҚО-дан, ал қалғандары басқа өңірлерден жиналады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.