Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР
    Айғақ TV

    ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.07.2026Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор» деп атап, кәсіби шеберлігіне тәнті болуда. Әдемі кадр үшін ештеңеден тайынбайтын Шымкент қаласы Спорт басқармасының қызметкері Ыбырай Кенжетайұлы әр жарыстың шынайы көрінісін көрерменге дәл сол сәттегідей жеткізуге тырысады. Өз ісіне шынайы махаббатпен қарайтын маманмен тілшіміз эксклюзив сұхбат жүргізіп қайтты.

    Кез келген спорттық жарыста көрермен назарына алдымен спортшылар ілінгенімен, әсерлі кадрдың артында оператордың тынымсыз еңбегі жатады. Ыбырай Кенжетайұлы да дәл сондай кәсіби мамандардың бірі. Жүгіру жарысы кезінде спортшылардың қарқынына ілесіп, кейде олардан бұрын мәреге жететін сәттері әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Сол бейнелердің арқасында ол көпшілікке «желаяқ оператор» ретінде танылды. Ал өзі мұның барлығы көрерменге сапалы кадр ұсыну жолындағы күнделікті еңбектің нәтижесі екенін айтады.

    Кәсіби маманның айтуынша, жақсы кадр кездейсоқ түсірілмейді, оның артында үлкен дайындық, тәжірибе және жауапкершілік тұрады. Әр жарыстың ерекшелігіне қарай түсірілім бағытын алдын ала жоспарлап, спортшылардың қозғалысын дәл болжауға тырысады. Кейде ең әсерлі сәтті түсіру үшін жүздеген метрге тоқтаусыз жүгіріп шығуға тура келеді. Осындай табандылықтың арқасында оның түсірген бейнелері көрерменнің жоғары бағасына ие болып жүр. Бүгінде Ыбырай Кенжетайұлы әлеуметтік желідегі танымалдылығынан бұрын, өз ісіне деген адалдығын ең үлкен жетістік санайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.