Шымкентте биыл мыңнан астам тұрғын баспаналы болады. Қалада 32 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1200-ден аса пәтер ел игілігіне беріледі. Қазір көпқабатты үйлер Тұран және Бозарық шағын аудандарында қарқынды салынып жатыр.
Құрылыс басқармасы басшысы орынбасарының мәліметінше, биыл құрылыс саласында 62 нысанның жұмысы қолға алынған. Бұл бағытқа 117 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Оның ішінде тұрғын үйлер, инженерлік инфрақұрылым және әлеуметтік нысандар бар.Сондай-ақ қалада реновация бағдарламасы да қарқын алған. Қазіргі таңда апатты жағдайда тұрған ескі үйлердің орнына жаңа баспаналар салу жұмыстары жүргізілуде. Биыл тағы 13 үйдің тұрғындарын жаңа пәтерге көшіру жоспарланған.
Жалпы шаһарда жоғарыда аталған жобалардан бөлек тағы 51 құрылыс жобасы әзірленіп жатыр. Бұл бастамалар қаланың инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.