Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚАРАТАУЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАҢАЛЫҚ
    Айғақ MEDIA

    ҚАРАТАУЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАҢАЛЫҚ

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.05.202649 Views

    Қаратау ауданының тұрғындары көбіне ирригация мәселесімен бетпе-бет келеді. Жаңбыр жауса, көшеге су толып, жұрт әбігерге түсетін жағдай аз емес. Көп жылдардан бергі түйткіл толық шешілмесе де, биыл 22 көшеге арық жүйесін салу жоспарланып отыр. Ал сапасы сын көтермей, жұрттың наразылығын тудырған Кеңжарық көшесі мен көлік ағынының көптігінен тарлық көрген Сіргелі көшесінің тұрғындары үшін де жағымды жаңалық бар. Алдағы уақытта бұл аумақтарда жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезеңімен жүзеге аспақ. Бұл туралы аудан әкімі Алмас Абаев баспасөз брифингінде мәлімдеді.

    Қаратауда жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Аудандағы көшелердің жалпы ұзындығы 753 шақырымды құраса, 108 көшеге орташа жөндеу ұсынылып отыр. Снх: Ксм: Аудандағы аяқжолдардың жалпы ұзындығы 394 шақырым. Қазіргі таңда Мирас шағынауданында аяқжол салу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл – Президент тапсырмасы аясында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жобалардың бірі.

    Аудандағы ирригациялық арықтардың жалпы ұзындығы 253 шақырымнан асады. Ирригация жүйесіне қатысты 2025 жылы 24 нысанның құрылысы жүргізілсе, биыл 22 нысанды іске асыру жоспарда. Әкімдік мұндай жұмыстар жауын-шашын кезінде су жиналу мәселесін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыратынын айтады.

    Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаев бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстарды саралап, жыл соңына дейін жүзеге асатын жобаларды таныстырды. Өз кезегінде аудан тұрғындарының талап-тілегіне құлақ түріп, көпшілікті толғандырған мәселелердің мән-жайын сұрап-білдік.

    Жол мен ирригация мәселесі – Қаратау тұрғындары үшін өзекті тақырыптардың бірі. Биыл жоспарланған жобалар толық жүзеге асса, аудан инфрақұрылымы едәуір жақсарып, тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсармақ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.