Абай ауданында 1644 үйдің құжаты жоқ. Кезінде бұл аумақтарға инженерлік инфрақұрылым желілері де тартылған. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, зерделеу және анықтау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде тұрғын үйлерді заңдастыру шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл туралы Абай ауданының әкімі баспасөз жиынында мәлімдеді. Абай ауданында соңғы жылдары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар қарқын алған. Әсіресе, халық қатысатын бюджет аясында жүзеге асқан жобалар нәтижесінде бірқатар елді мекендерде аулалар абаттандырылып, жаңа инфрақұрылым нысандары пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы аудан бюджетінен қомақты қаржы елді мекендерді абаттандыруға бағытталып отыр. Биыл аудан аумағында бірнеше әмбебап және ашық спорт алаңшаларын салу жоспарланған. Сонымен қатар, балалар ойын алаңдарын орнату, гүлзарлар салу, көшелерді жарықтандыру және мерекелік безендіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Аудан аумағындағы көшелердің инфрақұрылымын жақсарту мәселесіне де ерекше назар аударылған. Биыл ондаған көшеге шағал тас төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жолдар салу көзделуде. Бұдан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жарықтандыру жұмыстары жалғасады. Жиында ұсынылған слайдтарда аталған жобалардың “дейін” және “кейінгі” көріністері көрсетіліп, ауданның сәулеттік келбетіне оң өзгеріс енгізгені айтылды. Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан коммуналдық қызмет сапасын арттыру, санитарлық тазалықты сақтау және қоғамдық кеңістіктерді жаңарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетіні мәлім болды. Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер де кезең-кезеңімен шешімін табады. Жауаптылардың айтуынша, ауданның инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар алдағы уақытта да жалғасады. Негізгі мақсат – тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырып, Абай ауданының сәулеттік келбетін жаңғырту.
ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА
Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...










