Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.










