Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
    Айғақ TV

    ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.12.2025Updated:27.12.2025Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар футбол клубы екінші жыл қатарынан жасөспірімдер арасында ауқымды футбол турнирін ұйымдастырып келеді. Мегаполистегі бұл спорттық дода жас буынның футболға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың болашағына бағыт-бағдар беретін маңызды алаң.

    Балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболдан дәстүрлі турнир биыл да жоғары деңгейде өтті. Оған 800-ге жуық жас спортшы, 58 команда қатысып, өзара бақ сынады. Бұл – тек жарыс қана емес, болашақ чемпиондарға жол ашатын үлкен спорт мектебі. Суперлиганың қорытынды шарасы Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Жас футболшылар Әнұранды шырқап, отансүйгіштік рухты тағы бір дәлелдеді.
    Турнирді ұйымдастырып отырған “Милан” балалар футбол клубы. 2022 жылы негізі қаланған команда жас буынның салауатты өмір салтын ұстануына, спортқа деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жас футболшылардың арманын оятып, жеңіске деген жігерін күшейту үшін Суперлиганың жабылу салтанатына Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған танымал футболшылар арнайы шақырылды. Олар жас спортшыларды құттықтап, алдағы мақсаттарына нық қадам басуға шақырды.


    Жарыс соңында қатысушылар тек жүлделі орындармен ғана емес, арнайы номинациялармен де марапатталды. Атап айтқанда “Үздік қақпашы”, “Үздік қорғаушы”, “Үздік шабуылшы”, “Үздік ойыншы” аталымдары бойынша үздіктер анықталды.


    Бұл жарыс – бұқаралық спортты дамытудың нақты көрінісі. Шымкент қаласы білім басқармасының тарапынан мұндай жобалар қолдау тауып отыр. Нәтижесінде мектеп жасындағы балалар бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік алады.
    Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирлер алдағы жылдары да дәстүрлі түрде жалғасын табады. Өйткені бұл – жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, болашақта ел намысын қорғайтын мықты футболшыларды тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.