Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты. Жобаның барысы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында таныстырылды.
Шарада отандық дәрі-дәрмек өндірісін қолдау мен дамытуға ерекше назар аударылатынын атап өтілді. Сонымен бірге Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тұжырымдар мен стратегиялық бағыттар осы салаға жаңа серпін беріп, отандық фармацевтиканы ілгерілетуге нақты мүмкіндік туғызатынын Раушан Айдарбекқызы жеткізді.
Жиында медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен тұрақты қамтамасыз ету тетіктері, жүйені жетілдіру мәселелері және осы бағыттағы қазіргі қиындықтар жан-жақты баяндалды. Сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі үзілістерді болдырмау, отандық өндірушілердің әлеуетін арттыру сияқты маңызды бағыттар талқыланды.