Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ
    Айғақ TV

    ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.12.2025Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын алған ауыр жол апаттарының кадрлары көрсетіліп, рулдегі жауапсыздықтың салдары қандай болатыны ескертілді.


    Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықовтың айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережесін сақтауына тұрақты түрде бақылау жүргізіледі. «Тасымалдаушы», «Қауіпсіз жол», «Автобус» сияқты профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Ағымдағы жылдың басынан бері автобус жүргізушілерімен жасалған 1500-ге жуық құқық бұзушылық анықталып, барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
    Алайда қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жайттары әлі де тіркелуде. Негізгі мәселелерге кейбір жүргізушілердің тәжірибесінің аздығы, жүргізу мәдениетінің төмендігі, бағыттарда жарысу, жол таңбаларын елемеу (оның ішінде тұтас сызықты кесіп өту), сондай-ақ аялдамаларда жолаушылардың толық мініп-түскеніне және қауіпсіздігіне көз жеткізбеуі жатады.


    Мұндай бұзушылықтардың салдары ауыр болып отыр: жыл басынан бері қалада автобустардың қатысуымен 185 жол-көлік оқиғасы орын алып, 4 адам қаза тапқан.
    Ұлықбек Мылтықов автопарк басшыларын анықталған кемшіліктерді жоюға, автобустарды бейнебақылау жүйелерімен жабдықтауға, жүргізушілерге міндетті түрде рейс алдындағы медициналық тексеру ұйымдастыруға және олардың жол ережесін сақтауын күнделікті бақылап отыруға шақырды.
    Кездесу қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру, апаттылық деңгейін төмендету және тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.