Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО ƏКІМДІГІ МЕН ЮНИСЕФ ӨКІЛІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
    Жаңалықтар

    ОҚО ƏКІМДІГІ МЕН ЮНИСЕФ ӨКІЛІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ)Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный мырзамен кездесіп, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ынтымақтастық меморандумға қол қойды.

    Кездесуде балалалардың тең мүмкіндіктер алуға құқығы, отбасы денсаулығын нығайту және әлеуметтік қолдау сияқты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Балалар Қоры арасындағы ынтымақтастық жоспары шеңберінде денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы ынтымақтастық бағыттары жөнінде пікір алмасылды.

    «Оңтүстік Қазақстан облысы туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұрған өңір. Республикада туылған әрбір бесінші бала Күнгейде дүниеге келеді. Біздің аймақ жастарының көптігімен де ерекше облыс. Бүгінгі түзілген меморандум әлеуметтік қорғау салалары сынды маңызды бағыттардың мәселесін шешуге, сәйкесінше, балалар құқығының қорғалуына мұрындық болады деген үміттемін», — деді Жансейіт Түймебаев.

    Аталған ынтымақтастық құжаты аясында өңіріміздегі ана мен бала өлімін азайту, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында суицидке жол бермеу, балалардың жағдайын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз ету, балалар еңбегін қанаудың алдын алу, жетім қалған балаларға отбасы тәрбиесінің баламалы түрлерін енгізу, мүгедек балаларды айрықша қажетті заттармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспарланған. Сондай-ақ, отбасы мен қоғамның әлеуетін нығайту, әлеуметтік және басқару саясатын әзірлеу де қарастырылған.

    Өз кезегінде, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі Юрий Оксамитный мырза Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

    «Біздің ынтымақтастығымыздың негізгі мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалардың жағдайын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз ету, балалар еңбегін қанаудың алдын алу, ана мен балаға қолдау көрсетіп, олардың  құқықтарын қорғауды  іске асыру болып табылады.  Бұл бағыттағы жұмыстарды нығайту және ілгерілету жолында бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз», — деді Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный.

    Айта кету керек, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әр баланың құқығын жүзеге асыратын бейбітшілік құру ісіндегі жетекші ұйым болып табылады. Аталған қор әлемнің 190 елінде қызмет етеді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.