Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»АРҒЫМАҚТАҒЫ МӘСЕЛЕ ӘКІМДІКТІҢ НАЗАРЫНДА
    Айғақ TV

    АРҒЫМАҚТАҒЫ МӘСЕЛЕ ӘКІМДІКТІҢ НАЗАРЫНДА

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.09.2025Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мектептің алшақтығы, жол мен жарықтың жыры, атауы мен құжаты жоқ үйлер. Арғымақ шағын ауданында қордаланған түйткілдер аз емес. Қала әкімінің Тұран ауданындағы кездесуінен кейін, аудан басшысы тұрғындармен тағы бір мәрте жүздесті. Ашық сұхбат барысында халық көкейіндегі сауалын қойып, билік өкілдері нақты жауап берді.  Соңғы 4-5 жылда халық жаппай қоныстанып жатқан Арғымақ шағын ауданында 250-ге жуық үй бар. Инженерлік инфрақұрылымның негізгісі орнатылғанымен, шеткі көшелерге жетпей қалған. Аудан әкімімен кездесуге келген халық мәселесін осыдан бастады.

    Арғымақта мектеп, балабақша жоқ. Тіпті басы ауырып, балтыры сыздаса, тұрғындар қайда барарын білмей дал болады. Кездесуде бұл мәселе айтылмай қалмады. Дегенмен, өзекті бұл тақырыпқа қатысты әкімдіктің де өз айтары бар. Сонымен, әлеуметтік нысандар жуық арада салына қоймайды. Ақ жағалылар құрғақ уәде беріп, елге бос үміт сыйламаймыз дейді. Себебі, қазынаның қаржысын қайда, қалай бөлетіні жылдық жоспарға сай есептелген. Есесіне, шағын ауданды абаттандыратын ойын алаңшаларын салуға әзір.

    Жергілікті халық тым болмаса жақын маңдағы мектепке қатынайтын қоғамдық көлікті көбейтсе, тұрғылықты жеріміздің негізгі көшесіне қарай автобус келсе деп армандайды. Бірі баласын қалаға қарай жетектесе, енді бірі Арғымақтан әріде орналасқан Құлагер, Ақжарға қарай барады.

    3 жыл бұрын негізі қаланған ауданда 220 мыңнан астам халық тұрады. 21 елдімекеннен тұратын ауданға келген Ғабит Сыздықбековке Тұран ауданының халқы 46 мәселені ұсынған. Бұл мәселелер қалай шешілмек? Аудан әкімі жауап берді.
    Жол инфрақұрылымы, инженерлік желілер мен әлеуметтік нысандардың жай-күйі жан-жақты талқыланды. Әр мәселе бойынша жауапты мамандарға тапсырма беріліп, шешу жолдары хаттамаға енгізілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.