Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізуші жеке құрамымен арнайы жиналыс өтті. Іс-шара барысында қызметтік автокөліктерді қауіпсіз пайдалану, жол жүру ережелерін қатаң сақтау және көлікті уақтылы техникалық тексерістен өткізіп отырудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Жиналыста жолдағы жауапкершілік тек қана жалпы талаптармен шектелмейтіні, әрбір қызметкердің жеке тәртібі мен ұқыптылығына тікелей байланысты екені ерекше атап өтілді. Жүргізушілерге қызмет барысында өзіне де, өзгелерге де қауіп төндірмеу үшін сақтық шараларын мүлтіксіз орындау міндеттелді.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жолдағы әрбір әрекеттің қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететінін, ал көлік жүргізудегі немқұрайдылық үлкен зардаптарға әкелуі мүмкін екенін еске салды. Осындай түсіндіру шаралары жеке құрамның кәсіби мәдениетін арттыруға, олардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – тек заң талабы ғана емес, ол азаматтардың өмірін, денсаулығын қорғаудың ең басты кепілі екені айтылды.