Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ
    Айғақ TV

    МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.09.2025Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

         «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Бұл қағида қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі саналады. Президенттің халыққа арнаған жолдауында осы мәселе кеңінен қозғалды. Себебі қоғамда бұл қағиданы түбегейлі орнықтыру маңызды. Ол үшін мемлекет басшысы барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен біртұтас ұстаным болуы тиіс екені атап өтті.

         Мемлекет басшысы Жолдауында заң үстемдігін қамтамасыз етуге айрықша тоқталды. Бұл – ең алдымен ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным.Президенттің айтуынша, осы бағыттағы мемлекеттік органдардың жұмысына барынша қолдау қажет. Сонда ғана елімізде құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық сана қалыптасып, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік орнығады.

        Мемлекет басшысының айтуынша, өркениетті әрі озық елдің басты белгісі – әділ заң, білікті билік және саналы да белсенді азамат. Тек осындай құндылықтарға сүйенген мемлекет қана дамудың биік шыңына жете алады.
    Президент, мемлекет деңгейінде қабылданатын әрбір шешімнің мән-маңызы құрғақ сөзбен емес, ең алдымен халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты істермен өлшенуі тиіс екенін атап өтті. Бұл – экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтік әділдікті орнықтырудың бірден-бір жолы. Сондай-ақ осы міндеттер жүйелі түрде жүзеге асқанда ғана Қазақстан жаңа тұрпатты, қуатты елге айналатынын жеткізді.

          Президент елді елдікке шақырып, тыныштық пен тұрақтылықты ең басты құндылық ретінде бағалай білуге үндеді. Қазіргі алмағайып заманда негізгі міндет – егемендігімізді қорғап, жеріміздің тұтастығын нығайту.
    Мемлекет басшысы бұл мақсатқа жетудің кепілі – халқымыздың бірлігі екенін атап өтті. Сонымен қатар татулық пен тұрақтылық сақталса, Қазақстан кез келген қиындықты жеңіп, барлық кедергіден сүрінбей өтетініне сенім білдірді.

        Әрбір азамат мемлекетшіл әрі отаншыл болуы тиіс. Президенттің айтуынша, бүгінде патриотизм ұғымының сипаты мен мазмұны жаңаша мәнге ие болып келеді. Бұрын ол көбіне дәстүрлі құндылықтармен – тіл, мәдениет, руханият мәселелерімен өлшенсе, бүгінде ұлттық мүдденің ауқымы кеңейе түсті.Мемлекет басшысы бұл құндылықтардың әрқайсысы ұлт болмысының арқауы екенін атап өтті. Сондай-ақ оларды ешкім бізден тартып ала алмайтынын, сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ екенін жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.