• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қараша 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстіктен Солтүстікке көш жалғасады

06.02.2017
0

Елбасының  «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында халықты жұмыспен қамту, жалпыға ортақ еңбек қоғамы секілді жұмысшы күшін арттыру мәселелеріне басымдық берілген. Сондықтан халқы тығыз Оңтүстік облыстардан  Солтүстік Қазақстанға көші-қон ұйымдастыру арқылы азаматтарды жұмыспен қамту негізгі мақсаттардың бірі. Осы орайда, айтулы бастамаға үлес қосушылардың бірі  облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабеков Сарыағаш ауданында да болып, жергілікті тұрғындарға бағдарламаның негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары 100 нақты қадамында» жүктелген міндеттер аясында  ішкі көші-қон процестерін реттеу және еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін республикамыздың солтүстік өңірлеріне Оңтүстік облыстардан  өз еркімен ниет білдірген халықты қоныстандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Міне осының нәтижесінде бүгінге дейін СҚО-на тек біздің өңірімізден 100-ден астам отбасы көшіп барып, Қызылжар өңірін түлетуге үлестерін қосуда. Ал осы бір маңызды істі жандандырып, әрмен қарай ілгерілету бағытында табанды түрде жұмыс жасап жүрген азаматтардың бірі  ОҚО  мәслихат депутаты Жаңабай  Ағабеков. Халық қалаулысы Солтүстікке қоныстанып еңбек еткісі келген отбасылардың жол шығындарына өз есебінен демеушілік жасап, тіпті өткен жылы  өзі көшіріп апарған 50-ге жуық отбасыға сол жақтан баспаналар сатып алып берген.

Тек өткен жылдың өзінде  өңіріміздің Сарыағаш, Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандарынан Солтүстікке көшіп  барып еңбек етіп жатқан жанұялар баршылық.  Айта кету керек,  облыс аудандарына қоныс теуіп, тіркелген жанұяларға мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл сома әрбір  отбасы иесіне бірнеше а.е.к етіп бекітілген. Ал қоныс саударуға ниетті азаматтардан құжаттар қабылдау, қажетті мамандықтар бойынша мәліметтер беру жұмыстарымен әрбір аудан қалалардағы «Жұмыспен қамту» орталықтары айналысады. Осы орайда  жиын барысында Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары да қаржылай көмек түрлерінің биылғы мөлшеріне тоқталып өтті.

Өткен жылы өңірімізден  Солтүстіке қоныс аударған азаматтар саны  аз болған жоқ. Айталық, Уалиханов ауданына қарасты бірнеше ауыл округтеріне Оңтүстік аудандарынан көшіп барған   30-дан астам отбасы жайғасып, енді біреулері аз уақыт ішінде бұл жерден кәсіп көзін де ашып үлгерген. Солардың бірі Бауыржан Үсенов болатын. 2016 жылдың тамыз айында Шымкенттен отбасымен бірге Қондыбай елді мекеніне көшіп келген азамат баспанаға  қол жеткізіп, бүгінде тасымал кәсібін жандандыру мақсатында еңбек етіп жүр.

СҚО-да бүгінгі таңда ең қажеттісі, шұрайлы өңірдің жерін игеретін ауыл шаруашылығының маманы. Түгін тартсаң майы шығатын, қара топырақты құнарлы жерге терін төккен азамат ұтылмақ емес. Кез келген бау-бақша өнімдері өсіп шығатын аймақ тек қана шаруаның көмегіне зәру. Осы орайда биылғы жылы тек Қазығұрт ауданының өзінен Солтүстікке барып шарушылықпен айналысуға ниет танытып отырған азаматтар саны да аз емес.

Бүгінде жасырын емес, солтүстік өңірлерінде жұмысшы қолы тапшы. Ал Оңтүстікте керісінше халық саны көп. Осыған байланысты өңіраралық байланысты орнатып, ішкі көші-қон арқылы бұл мәселені тиімді шешу жағы басты назарда тұр. Сондықтан қай кезде де аймаққа көшіп барған  отбасыларға барынша қолдау көрсетіле бермек.

Абай Омар

Бөлісу17TweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ӨНДІРІС- ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.