Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА
    Айғақ MEDIA

    ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.08.202587 Views

    Оңтүстік өңірлік спартакиада өз мәресіне жетті. Шараға Шымкент, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының мамандары қатысты. Қызметкерлер бес спорт түрінен өзара сайысқа түсіп, мықтылар анықталды. Бұл бастама – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты арттырып, ұжымішілік байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

    “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы 20 жылдан бері халыққа сапалы әрі үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Осыған орай және Мемлекеттік қызметшілер күні аясында өткен спартакиада жоғары деңгейде өтті. Ашылу салтанатында Мемлекеттік Ту көтерііліп, патриоттық ән шырқалды. 500-ге жуық қызметкер қатысқан бұл шара қатысушыларға зор серпін, көрерменге ерекше рух сыйлады.

     Шағын футбол, волейбол, арқан тарту, шахмат және үстел теннисі бойынша өткен сайыстарда 100-ге жуық маман өз бақтарын сынады. Шараның ресми ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді.

    Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды – Шымкент қаласының командасы, 2-орынды – Түркістан облысы, 3-орынды – Қызылорда облысы иеленді. Жеңімпаз ретінде Шымкент филиалы республикалық деңгейдегі спартакиадаға жолдама алып, оңтүстік өңірдің намысын қорғайтын болды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.