Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ
    Айғақ MEDIA

    ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.07.202587 Views

    Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді және экологиялық тұрғыдан таза қала кеңістігі құрылады. Бұл туралы іссапармен келген сенаторлар мәлімдеді.

     8-шақырылымның 3-ші сессиясын аяқтап, маусымдық демалысқа шыққан сенаторлар қазіргі таңда өңірлерді аралап жүр. Сайланған аймақтарындағы өзекті мәселелерді көзбен көріп, бөлінген бюджеттік қаржының тиімді жұмсалу барысын бақылауда. Осы мақсатта Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қаппарова мегаполиске келді. Сапар барысында олар алдымен жергілікті мәслихат депутаттарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Кездесуде Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты Сенат қабырғасында қабылданған заңнамалық бастамалар мен ұсыныстар сөз болды.  Ал, Айгүл Жарылқасынқызының айтуынша, қабылданған заң негізінде енді мегаполистің сәулеттік келбетін біріздендіруге, яғни бірыңғай дизайн кодын енгізуге жол ашылды. Бұл қаланың сыртқы кейпін жүйелеуге, рұқсат етілмеген жарнама, ретсіз маңдайшалар мен көзге оғаш архитектуралық шешімдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

    Мәслихат отырысында денсаулық сақтау мен ғылымға қатысты бірқатар маңызды ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, депутат Бақытжан Позилов сақтандыру жүйесін жетілдіру керектігін жеткізсе,  Дария Қожамжарова шаһардағы ғылым, ғалымдарға қолдау керегін сөз етті.

    Кездесу соңында сенаторлар мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңестің мүшелерімен бірлесе отырып, айтылған мәселелерді шешу бағытында жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді. Олар ел дамуындағы әрбір заңның өңірлік тәжірибеде тиімді жүзеге асуы үшін кері байланыс маңызды екенін атап өтті.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.