Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасының халыққа Жолдауы — өңірлер алдында жаңа талаптар қояды
    Жаңалықтар

    Елбасының халыққа Жолдауы — өңірлер алдында жаңа талаптар қояды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды. Жиынға қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы қатысып, төрағалық етті.
    «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды таныстырған қала әкімінің баяндамасын Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, құрылымдық бөлім басшылары, қала аумағына қарасты төрт аудан әкімі және мектеп басшылары қатысты. Қала әкімі түрлі сала белсенділері мен жиынға қатысушыларды 2017 жылы Елбасы белгілеп берген саясат пен бағыт-бағдарды негізге ала отырып жұмыс істеуге шақырды.
    – Елбасы Жолдауында технологияны меңгеру, осы саладағы біліктілікті арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфраструктураны дамыту жөнінде айтылған тапсырмалар біздің күнделікті жұмысымызбен тікелей байланысты. Шымкент қаласында 60 мың гектар жер ауыл шаруашылығына арналған. Соның барлығын сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңа технологиялық әдістермен қолданып, дұрыс пайдалануымыз қажет. Сондай-ақ, инфраструктураның басым бағыты қала сыртындағы тұрғын алаптар мен шағынаудандарда жүзеге аспақ. Қала тұрғындары орталыққа оңай келіп-кете алатындай жағдай жасалуы тиіс, – деді қала әкімі.
    Ал білім саласының мамандарына балаларды мектеп жасынан-ақ кәсіби мамандануға бейімдеу қажеттігін ескертіп, сол бағытта жұмыс жасауға үндеді. Қала әкімі тұрғын үй кезегінде 28 мың, ал жер алу үшін кезекте 90 мыңнан астам қала тұрғыны өтініш білдіргенін айтып, Бұл ретте «Нұрлы жер» бағдарламасының тиімділігі зор болатынын мәлімдеді.

    Жиынға қатысқан Шымкент қаласының Құрметті азаматы Әділхан Сұлтанбек ақсақал қаланы көркейтудегі игілікті істері үшін Ғ.Рахматоллұлына алғысын білдіріп, осы бағытта тер төгіп жүрген сала мамандарына, қаланың белсенді жастарына ақ батасын берді. Жиынды қала әкімі қорытындылады.
    – Елбасының Жолдауын уақыт бөліп түгел оқып шықсаңыздар көп шаруадан хабардар боласыздар. Жолдау халыққа арналды, сондықтан бүгінгі жиынға қатысушылар оны түсіндіруге міндеттіміз. Осы мақсатта белсенді түрде бірге жұмыс жасайтын боламыз, – деді Ғ.Әбдірахымов.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.