Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Австриялық инвесторлар ОҚО-да кәсіпорын ашуға ниетті
    Жаңалықтар

    Австриялық инвесторлар ОҚО-да кәсіпорын ашуға ниетті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Оңтүстік Қазақстан  облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасының Каринтиядағы (Австрия) Құрметті консулы Петер Сандриссермен және «Асмед» ЖШС-і басшылығымен кездесті.
      Кездесу барысында тараптар Оңтүстік Қазақстан облысы мен Австрияның және оның өңірлерінің қарым-қатынастарын арттыру мүмкіндіктері мен туризм, спорт, эксклюзивті конақ үйлерді және тұрғын үй кешені жобаларын дамыту, индустрия саласында бірлескен кәсіпорындар құру, технологияларды жетілдіру, білім беру, энергетика, инфрақұрылым, ауылшаруашылығы салаларын дамыту жайында әңгімелесті.
       Отырыста облыс басшысы Ж.Түймебаев іскерлік және инвестициялық ахуалды арттыру үшін өңірімізде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталып, шетелдік инвесторлар үшін тиімділік пен жеңілдіктерді тілге тиек етті. «Әкімшілік кедергілерді азайтып, инвесторларға қажетті мәліметтердің қолжетімділігін арттырудамыз.Бір ғана Шымкентте үш индустриалды және бір экономикалық аймақ бар. Бізге келген инвесторларға құжаттарын реттестіріп, өндіріс орны орналасқан жерге инфрақұрылымын жүргізіп береміз»,-деді облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы.
      Сонымен бірге, өңір басшысы аймағымызға арнайы келген құрметті қонақ П.Сандриссерге Оңтүстік Қазақстан облысы мен Австрия Республикасының Каринтия аймағының арасында түзілген декларацияға қосқан айрықша үлесі үшін алғысын айтты. Қос мемлекеттің бауырластық қатынастарын нығайту үшін арнайы меморандум түзуге біздің тарап дайын екенін жеткізді.
       Өз кезегінде мәртебелі мейман Оңтүстік Қазақстан облысы туралы оң лебізі мен  өңіріміздің экономикалық дамуына ерекше сенімін  білдірді.
     Еске сала кетсек, 2016 жылдың 29 қыркүйегінде Австрия Республикасының Фельден қаласында Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық форумы өткен болатын. Сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясын бастап барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Сатыбалды мен Каринтия аймағы үкіметінің басшысы П.Кейзер арасында ынтымақтастық декларациясына қол қойылған еді.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.