Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте көктемгі тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізілуде
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте көктемгі тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізілуде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2017Updated:01.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысының төрағалығымен облыс аумағында көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары  бойынша  ОҚО төтенше жағдайлар департаменті қызметі мен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен селекторлық мәжіліс өтті.
      Жиында облыс аумағында көктемгі су тасқыны, сел, сырғыма, қар көшкінін алдын алу жұмыстары  және облыс аумағындағы су қоймаларының жағдайы талқыланды. Селекторлық мәжілісте болуы ықтимал көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша жауапты тұлғалардың баяндамасы тыңдалды.
      Айта кетейік, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, 2016 жылы облыстың аумағы мен халқын су тасқынынан инженерлік қорғау үшін  664,2 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 6,21 шақырым арна түзеу және жаға бекіту жұмыстары жүргізілді. Ал 1,5 млрд. теңгеге жалпы ұзындығы 955 шақырым ирригациялық жүйенің су өткізу қабілеттігі күшейтіліп, жоқ жерлерге салынды. Сондай-ақ, осы жылы су тасқынның алдын алу мақсатына 856 млн. теңге бөлінді.
      Көктемгі су тасқынына қауіпті кезеңге облысты дайындау мақсатында, облыс көлемінде 6,36 шақырым қорғаныс бөгеті салынса, 325,3 шақырым қорғаныс бөгеттері нығайтылды. Ал 36,3 шақырым бөгет жаңадан тұрғызылды. Және де  48,5 шақырым өзендердің жағалаулары бекітіліп, 668,1 шақырым арық-каналдармен 397 бірлік  су өткізу құбырлары тазаланды.
      Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, «Қазгидромет», «Қазсушар»  РМК, «Қазселденқорғау» ММ ОҚФ гидробекеттерінен су қоймалар мен өзендердегі су деңгейінің  толуы және ағындары бойынша күнделікті шұғыл ақпараттар алынады. Олардың мәлімдеуінше, қазіргі танда облыс аумағындағы су тасу жағдайы бір қалыпты, өзендердегі судың деңгейі аумалы күйдегі деңгейден төмен, су қоймаларында судың деңгейі орта есеппен жобалық мөлшерінің 30-35% құрайды.
      Жиынға қатысушылардың баяндамасын тыңдаған өңір басшысы су тасқыны жағдайының алдын алу шаралары аясында әкімдіктер мен тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар беріп, қала, аудан әкімдері су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы мен қауіпті кезең аяқталғанға дейін жеке бақылауға алуын тапсырды. Сондай-ақ, өзендер мен су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізу қажеттігін міндеттеді.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.