Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі жылына 50 млн. дана минералды сусын шығаратын серіктестік жұмысымен танысты
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі жылына 50 млн. дана минералды сусын шығаратын серіктестік жұмысымен танысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2017Updated:01.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Шымкенттегі «Рауан» ЖШС компаниялар тобында болды. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы бүгінде ел нарығында минералды сулар мен шырындар шығару жұмыстарымен танылған «Рауан» ЖШС-нің еншілес компанияларының жұмысымен танысты. Зауыттарды аралау кезінде әкім компания басшылығына өнімдерді нарықта саудалау мен оны жеткізу ісінде сапалы жұмыстардың жасалу қажеттігін айтып, серіктестік жұмысын оң бағалады.

    Мұнан соң, Ж.Түймебаев серіктестіктің Шымкенттегі Алтынтөбе елді мекенінде орналасқан «АгроНурАзия» компаниясында болды. Ондағы балық аулау, балық өсіру және сол арқылы демалыс ұйымдастыру кешенді орталығында биыл аквабақ салу жұмыстары қолға алынбақ. Сондай-ақ, болашақта мұнда сауда-логистикалық орталығын салу көзделіп отыр. Шағын ғана мекенде осынша жұмыстардың атқарылып жатқанына қаныққан аймақ басшысы серіктестіктің аталған жобаларды қаржыландыру мәселесіне әкімдік тарапынан жан-жақты қолдаудың болатынын жеткізді. Шағын және орта бизнес пен туризмді дамыту ісіне өңір азаматтарын көптеп тарту қажеттігіне тоқталған әкім бұл ретте, мемлекет тарапынан түрлі жеңілдетілген бағдарламалардың түзілгенін айтты.

    Айта кету керек, «Рауан» ЖШС компаниялар тобы 1998 жылы құрылып, Қазақстан нарығында 18 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Компанияның негізгі жұмыс бағыты алкогольсіз сусындар мен шырын және минералды сулар шығаруға бағытталады. Бүгінде өңірімізде сусындар мен минералды сулар шығаратын үш ірі жоғары технологиялы зауыты бар серіктестікте жылына 50 млн. дана дайын  өнім шығарылады.

    Мұнан бөлек, компанияның балық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытына машықтанған «АгроНурАзия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен айына 2 млн. дана кірпіш шығаруға қауқарлы «Рауан-7» ЖШС зауыты бар.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.