Еліміздің барлық өңірінде вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталды. Бүгінде ол халық арасында өршіп тұр. Бұл дерттің жұқпалы екені бәрімізге белгілі. Сондықтан жылы жүріп, сақтық шараларына мән берген жөн екені айтады мамандар.
Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері небәрі 3 аптаның ішінде ауруханаға 135 науқас түскен. Өткен эпид.маусымда тұмау ауруының А түрімен 3 және В түрімен 103 жағдай анықталған. Сырқаттанушылық деңгейі 1,3 есеге жоғарылаған. Дәрігерлердің айтуынша, егер сырқаттанған адам дер кезінде емделсе, тұмаудан 5-7 күн ішінде айығып кетуге болады. Оның жеңіл және орташа ауыр түрлерін учаскелік немесе отбасылық дәрігердің бақылауымен үйде, ал ауыр және асқынған түрлері жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді. Ең негізгі міндетті шарт науқасты оқшаулау, жеке басының гигиеналық тәртібін сақтау.
Тұмаумен және ЖРВИ-дың алдын алу үшін профилактикалық шараның ең маңыздысы ол – вакцинация. Сол үшін уақытылы екпе жасату керек және маскалық режимді сақтау маңызды.
Шымкентте 16 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе салу шаралары басталды. Бүгін қаланың барлық медициналық ұйымдарында екпе алу қарқын алған.
Оны алған соң иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы 1 жылға дейін сақталады. Бұл тұста былай дейді
Тұмаумен және ЖРВИ-мен күресте қарапайым тәсілдерді де, маска тағуды, қолды жиі сабындап жууды, әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмыстпаған жөн. Сондай-ақ адам көп шоғырланған жерлерге де бармаған дұрыс. Аурудың белгілері байқалған жағдайда үйге дәрігерді шақырту керек.