Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ МАЖАР ЕЛІНІҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ
    Жаңалықтар

    ШЫМКЕНТТЕ МАЖАР ЕЛІНІҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.01.2017Updated:28.01.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Миклош Иштванды және Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Баранимен кездесті. Басқосуда тараптар екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық мақсатындағы бірлескен жобалардың жүзеге асу барысын талқылады. «Тарихқа көз жүгіртсек, екі ұлтта кең далада тіршілік еткен. Сондықтан болар венгр тілінде түркі сөздері көп кездеседі. Осының өзі біздің халықтардың ежелден тату қарым-қатыныста болғандығын аңғартады. Сондықтан бұдан былай Оңтүстік Қазақстан облысы мен Венгрия елінің арасында сауда экономикалық, мәдени, гуманитарлық байланыстар нығая түсетініне сенімдімін», — деді Жансейіт Қансейітұлы. Аграрлық салаға бейім Оңтүстік Қазақстан облысы – венгрлік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Аймақ басшысы елшілік өкілдеріне осы артықшылықтар туралы жан-жақты баяндап берді. Кездесуде сөз алған Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салада бірлескен жобалардың жүзеге асып жатқанын жеткізді. «Бүгінде венгрлер Қазақстанға виза рәсімдемей-ақ келуіне мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік саласын дамытуға, іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға зор мүмкіндік береді»,-деді елші. Келелі кездесуден кейін екі тараптың қатысуымен Венгрияның Шымкент қаласындағы консулдығының ашылу салтанаты өтті. Жаңадан ашылған өкілдік алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, тауар айналымы ұлғайып, инвестиция тартуға да септігін тигізбек. Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулы болып «OTAU Group» компаниясының президенті, белгілі меценат Қайрат Молдасейітов тағайындалды.16252503_1194388124010858_2155881286384256436_oВенгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Миклош Иштван мырза Қайрат Молдасейітовке Құрметті консул қызметін атқару патентін салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар екі елдің өкілдері Құрметті консул декларациясына қол қойды. Айта кетейік, бүгінгі таңда Венгрия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең белсенді экономикалық әріптесі. Географиялық алшақтығына қарамастан, Қазақстан ТМД елдерінің арасында Ресей мен Украинадан кейін Мажарстан үшін 3-ші сауда серіктесі болып табылады. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша Мажарстаннан Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялардың ағымы 85,1 млн. АҚШ долларын құрайды. Ал, Қазақстанның инвестиция көлемі 8,7 млн доллар.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.