Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА ШАБУЫЛ
    Айғақ TV

    МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА ШАБУЫЛ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.08.2024Updated:24.08.2024Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби міндеттерін орындау барысында медицина қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасауына байланысты медицина мамандарының қызметіне кедергі келтіріп, оларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 2019 жылдан бері медицина мамандарына 161 рет шабуыл жасау фактілері тіркелді. Ал биыл мамыр айында Алматыда жедел жәрдем фельдшеріне оны шақырған адамдар қол көтеріп, пәтерінде қамаған. Қарағандыда қызметтік міндеттерін орындау барысында жедел жәрдем қызметкерін аяусыз ұрып-соққан. Теміртауда да жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі таяқ жеп, тоналған.

    Бүгінгі таңда оларға қол тигізуден қорғау қолданыстағы заң аясында жүргізіледі (Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс)

    Дәрігерлерді қорғауды күшейту мақсатында министрлік медицина мамандарының кәсіби қызметіне кедергі келтіргені және оларға қарсы қылмыстық әрекеттер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізуге бастама көтерді. Сол үшін 2024 жылдың 12 сәуірінде денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспар бекітілді.

    Бас прокуратурамен бірлесе Қылмыстық кодекске өзгерістер әзірленді, онда медицина мамандарына қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекске «Медицина қызметкерінің заңды қызметіне кедергі келтіру» және «Медицина қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету» деген жаңа баптар енгізу ұсынылуда.

    Бұл қадамдар медицина қызметкерлерін қорғауға және қауіпсіз жұмыс орнын құруға бағытталған, деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.