Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ВЕНГРИЯЛЫҚ GLOBALIA LTD ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ПАРКІН ҚҰРАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ВЕНГРИЯЛЫҚ GLOBALIA LTD ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ПАРКІН ҚҰРАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.07.202461 Views

    Ақмола облысында венгриялық Globalia Ltd компаниясы ауыл шаруашылығы индустриялық паркін құру жобасын іске асыруда, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашлығының баспасөз қызметі.

    Жобаның негізгі мақсаты — Венгрияда әзірленген заманауи ауыл шаруашылығы технологияларын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы қызметін құру.

    27 гектар аумақта агробизнеске жататын немесе онымен тығыз байланысты шамамен 7-8 түрлі қызмет түрі орналастырылады. Мұнда ауыл шаруашылығын жүргізудің озық әдістері, тұрақты, экологиялық қауіпсіз технологиялар көрсетіледі, мониторинг жүргізіледі және өнім өндірушіден бастап оның түпкі тұтынушысына дейін, «фермадан үстелге дейін» кез келген кезеңде тауардың қадағалануы қамтамасыз етіледі.

    Барлық енгізілген қондырғылар дербес және тиімді болады және арнайы қаржыландыруды қажет етпейді деп күтілуде.

    Алғашқы 2-3 жылда үлгілік балық өсіру шаруашылығын дамыту, балық өсіру, климаттың өзгеруіне бейімделудегі жер мен топырақтың рөлін арттыру, құрама жем зауытын салу, әртүрлі өсімдіктердің сорттарын өсіру бойынша демонстрациялық және тәжірибелік станция ашу және т. б. жобаларды бастау және ішінара іске асыру жоспарлануда.

    Сондай-ақ, Агропаркте қазақстандық өндірушілер мен жеткізілім тізбегінің қатысушылары жаңа технологиялар мен құралдармен, практикалық модельдердің жұмысымен, топырақтан СО2 жинауға және жинақтауға көмектесетін Carbon Farming жүйесімен таныса алады. Венгр технологиясы бойынша тұқым өндірісін құру жоспарлануда.

    Жобаны іске асыру үшін венгриялық компания Ақмола облысының негізгі ауыл шаруашылығы аудандарының бірі Аршалы ауданын таңдады. Оның қызметінің негізгі бағыты астық өндіру болып табылады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.