Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы Әл-Фараби, Тұран аудандарында жалғасын тапты. Тазалық шарасында шаһардағы ең үлкен аулада тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қошқар ата өзенінің маңы күл-қоқыстан тазартылды. Акция аясында арнайы тахникалар жұмылдарылып , әкімдік қызметкерлері, тазалық компаниялары мен жүзге жуық «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмылдырылды. Шаһарда тазалық акциясы жалғасын таба береді.
Шараның бастауы көп қабатты үйлер мен аулалар саны бойынша шаһардағы ең үлкен ауданда бастау алды. Мұнда 930 көп қабатты тұрғын үй, 630 аула бар. Бүгін ең үлкен аула Күншығыс ш/а, №11 тазалық жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың ауызбіршілігі мен тазалыққа жанының құмарлығынан бұл ауданда мұндай тазалық жұмыстары жиі ұйымдастырылып тұрады екен. Бүгін де тұрғындар өз аулаларында тазалық жұмыстарына бір кісідей жұмыла кірісті. Ауладағы шөптер шабылып, ағаштардың түбі қопсытылды. Орындықтар сырланып, балалардың ойын алаңшалары тазаланды.
Шараның жалғасы Тұран ауданын кесіп өтетін Қошқар ата өзенінің бойындағы ағаш бұталарын, қалдық заттарды тазалауға ұласты. Тазалық шарасына 10ға жуық техника, 200 ге жуық еріктілер мен тазалықшылар қаттысты.
«Тазалық шараларының жоғарғы деңгейде өтуіне және қала тазалығына өз үлестерін қосып жүрген «Zhasyl EL» еңбек жасақтарының бүгінгі шараға 100-ге жуық мүшесі тартылған. Бұл студенттердің жазды пайдалы өткізуіне өз септігін тигіуде»- дейді Бақытжан Тұрсын.