Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»ТҰРҒЫНДАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
    Білім

    ТҰРҒЫНДАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.07.2024Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласы жаңа білім нысандарымен толығады. Жалпы 2025 жылға дейін 18 білім нысаны салыну керек болса, биыл оның 12-сі пайдалануға берілмек. Осылай деген білім басқармасының басшысы құрылыс нысандарын аралап, жергілікті тұрғындарға таныстырды. Мұндағы мақсат  — ата-аналармен ашықтықты қамтамасыз ету.

    Бүгінгі таңда қаладағы 275 мектепте 259 173 оқушы білім алуда. Оның ішінде 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы 2023 жылы басталып, ағымдағы жылы  аяқталады. Ел игілігіне берілген және берілетін жайлы мектеп оқу құралдары мен жиһаздармен жабдықталса, жаңа модификация кабинеттері де бар. Сондай-ақ, нысанның ішкі-сыртқы қасбетінде «әмбебап дизайн» қағидаты сақталған. Осылай деген қалалық білім басқармасының басшысы үшінші мегаполисте үш ауысымды оқу ошақтарының жоқ екенін атап өтті.

    Тұрғындармен кездесу ұйымдастырылған құрылыс нысаны Тұран-2 шағын ауданында орналасқан. 1200 орындық мектептің іргетасын қалау 2023 жылы басталған. Аталған жайлы мектеп жобасы аясындағы құрылысқа тапсырыс беруші мекеме «Самұрық-Қазына» АҚ. Тұрғындарға таныстыру шарасына қатысқан Шымкент қалалық энергетика басқармасының қызметкері инженерлік жүйелерден қандай да бір ақаулықтар анықталған жағдайда дер кезінде шешуге уәде берді.

    Жыл соңына дейін 4 мектепке жалпы құны 1,5 млрд теңге көлеміндегі қаржыны құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

    «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы алдымен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылды.  Дәлірек, 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасай отырып, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесінің толық шешілетіні Президент пәрменінде көрсетілген. Бүгінде іс сөз жүзінде қалмай, үшінші мегаполистегі жайлы мектептердің қатары арта түспек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.