Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»МЕГАПОЛИС МЭРІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
    Айғақ TV

    МЕГАПОЛИС МЭРІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.07.2024Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Жақында ғана ел игілігіне берілген «Көл» демалыс аймағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, шаһар басшысы қоғамға шынайы, нақты ақпарат таратушы журналистердің еңбегі ерекше екенін атап өтті.

    Мегаполисте бүгінгі таңда 170-тен аса БАҚ жұмыс істейді. Олардың 123-і мерзімді басылымдар, 4 телеарна, 1 радио және 47 интернет ресурстары. Билік пен қоғамның арасында алтын көпір бола білген ақпарат қызметкерлерінің еңбегін елемей өтуге болмас. Осыны ескерген шаһар басшысы қаладағы ақпарат саласының мамандарын кәсіби мерекемет құттықтап, құрмет көрсетті. Қала әкімі өз сөзінде мегаполистегі «Спутник» аллеясын журналистер аллеясы деп өзгертуге ниет білдірген тұрғындардың ұсынысын толық қолдайтынын жеткізді.

    Атаулы мерекеде бірқатар БАҚ өкілдеріне қала әкімінің алғыс хаты табысталды. Оның ішінде оңтүстіктен, еліміздің әр облысынан, қала берді шет елдерден хабар тарататын “Айғақ” телеарнасының редакторы Бағлан Байкөбекқызының еңбегі жоғары бағаланды.

    Іс-шараға телевизия саласына ерен еңбегі сіңген бірқатар ақпарат саласының ардагерлері де қатысты. Соның бірі «Айғақ» телеарнасының телеоператоры Ағабек Қазанбай! Телевизия саласында 50 жылға жуық уақыт қызмет етіп, жақында ғана Мемлекет басшысының жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанды. Ордабасы ауданының құрметті азаматы қазіргі уақытқа дейін 40-тан астам шәкірт тәрбиелеп үлгерген.

    Айта кетейік, ерекше форматта ұйымдастырылған мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.