11 жасқа толған жасөспірім қыздарға жатыр мойыны обырына қарсы екпе салынады. Бұл – ерікті түрде жасалатын және тегін болатын ем-шара. Өйткені, жер шарында жыл сайын 300 мыңға жуық адам жатыр мойны обырынан көз жұматындықтан, кеселдің алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина болып табылады дейді, дәрігерлер.
Осыған орай репродуктивті денсаулық апталығы аясында Шымкент қалалық онкологиялық орталығының ұйымдастыруымен Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялаудың маңызы және жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу бойынша «Ашық есік күні» өтті.