Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандықтар мемлекеттік органдардың жұмысын веб-портал арқылы бағалай алады
    Жаңалықтар

    Қазақстандықтар мемлекеттік органдардың жұмысын веб-портал арқылы бағалай алады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.01.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпарат алуын арттыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.

    Д. Абаев азаматтық қоғамның мемлекеттік шешімдер қабылдау үрдісіне сындарлы қатысуының маңызды шарттарының бірі олардың мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттылығы болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты өткен жылы қабылданған «Ақпараттың қолжетімділігі туралы» Заңның толыққанды жүзеге асуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Біріншіден, бүгінде заң бойынша негізгі нормативтік база қалыптастырылған. Заңның жүзеге асырылуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Ақпаратқа қолжетімділік мәселелері бойынша комиссия құрылып, жұмыс істеуде, оның құрамында үкіметтік емес сектор кеңінен қамтылған.

    Екіншіден, заң нормаларын түсіндіру үшін халық арасында 2016 жылы мемлекеттік қызметкерлерге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдеріне, ҮЕҰ мен журналистерге арналған семинарлар циклі өткізілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.

    Үшіншіден, ақпаратқа қолжетімділік туралы заң нормаларының орындалуына мониторинг жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға өз интернет-ресурстарын жақсарту бойынша сәйкес ұсыныстар жасалады.

    Төртіншіден, «Ашық үкіметтің» бес интернет-порталын техникалық қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

    Мәселен, бүгінде «Ашық НҚА» порталына 7,5 мыңнан астам құжат орналастырылған, оның ішінде заң жобалары мен мемлекеттік қызметтердің стандарттары бар. Бұл порталда нормативтік актілер жобаларын қоғамдық талқылау оларды қабылдау үшін міндетті шарт  болып табылады.

    Сонымен қатар, «Ашық бюджеттер» порталында 2 мыңнан астам материал мен көпшілік талқысына салу үшін 6 мыңнан астам бюджеттік бағдарламалар жобалары жарияланған. «Ашық мәліметтер» порталында 2 мыңнан астам мәліметтер жиынтығы жарияланып, жүктеп алуға арналған 21 мобильдік қосымша мен сервис әзірленіп, орналастырылған.

    Жалпы, 2016 жылы «Ашық диалог» порталының блог-платформасы арқылы 9,5 мың сауалға жауап берілген. Сонымен қатар, блог-платформаға жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызға ие мәселелерді шұғыл шешу үшін жергілікті атқарушы органдар тартылған.

    Айтар болсақ, 2017 жылы «Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау» порталы іске қосылды. Онда қоғамдық талқылауға салу үшін мемлекеттік органдардың қызметін бағалау қорытындылары туралы ақпарат, стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша есептер орналастырылатын болады.

    Дереккөз: primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.